Блефаропластикадан кейін әйелдің бір көзі көрмей қалды

2 504

Фото: Opennews.kz ЖИШымкент қаласында тиісті маман сертификаты мен лицензиясы болмай пластикалық хирургия саласында медициналық қызмет көрсеткен тұлғаға қатысты қылмыстық іс қаралды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Сотпен оның жәбірленушіге блефаропластика операциясын жасағаны, нәтижесінде жәбірленушінің бір көзінің көру қабілетін толық жоғалтқаны анықталды. Сот үкімімен тұлға ҚР Қылмыстық кодексінің 322-бабының 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды, сондай-ақ 3 жыл мерзімге медициналық және фармацевтикалық қызметпен айналысу құқығынан айырылды.

Абай ауданының прокуратурасы ескертеді: тиісті лицензиясы мен біліктілігі жоқ тұлғалардың медициналық қызметіне жүгіну азаматтардың өмірі мен денсаулығына ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін. Медициналық көмекті тек лицензиясы бар медициналық ұйымдар мен білікті мамандардан алуға шақырды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.