АЙМАҚТЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ САПАЛЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ ЖҰМЫСТАРЫН КҮШЕЙТУДI ТАПСЫРДЫ

2 513

Көпбейінді облыстық ауруханасының мәжіліс залында аймақтың бас дәрігері Искаков Олжас Ермекұлының төрағалығымен облыстық денсаулық сақтау басқармасының 2023 жылдың 9 айын қорытындылауға арналған Алқа отырысы болып өтті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


     Жиынға ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің құрылымдық филиалдарының басшылары және облыстық денсаулық сақтау басқармасының қызметкерлері мен медицина ұйымдарының басшылары қатысты.

     Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Олжас Ермекұлы Алқа жиынын бастамас бұрын, 50 жылдан астам саналы ғұмырын медицина саласына арнаған ардагер Құбыл Ршымбетұлын 75 жасқа толған мерейтойымен құттықтап «Құрмет грамотасын» табыстады. Сонымен қатар облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Мейрамкүл Аябекқызын зейнет жасына толуымен құттықтады. Одан бөлек 4 жылдан астам уақыт біте қайнасып, «Сенім» кәсіподағы филиалын басқарған Асылхан Абылайханұлы жаңа қызметке ауысуына байланысты бұған дейінгі атқарған жұмысына алғыс бiлдiрдi. 

   Сондай-ақ, Байқоңыр қаласының  көпбейінді ауруханасы бас дәрігерінің міндетін атқаруға ағымдағы жылдың 13 қарашасынан бастап Кенжебаев Сұлтан Айбасұлының қабылданғандығын хабарлап өтті. 

     Алқа отырысының күн тәртібінде 2023 жылдың 9 ай қорытындысы бойынша онкология саласының негізгі көрсеткіштерінің орындалу барысы, «2023 жылдың 9 ай қорытындысымен Қызылорда облысы бойынша босандыру саласының қызметі туралы», «Қызылорда облысы бойынша қызылша ауруының эпидемиологиялық ахуалы», БМСК ұйымдарының рейтингісі және облыстық медициналық ұйымдардың қаржылық-шаруашылық жағдайының талдамалық есебі қаралды.

     Аталған тақырыптар төңірегінде облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасарлары Абубакирова Жаныл Исақызы, Ерділдә Нұртазаұлы, басқарманың бөлiм басшылары Бактиберлина Раушан Сейткасымқызы, Сарманова Динара Сардарбекқызы, облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы  Идрисова Алия Нұрмағамбетқызы және акушерия, гинекология және перинаталогия ғылыми орталығының басқарма төрағасы Гульфайруз Уразбаева баяндады. 

     Тақырыпқа сәйкес, медицина ұйымдарының жұмысымен танысқан өңір бас дәрігері емдеу алдын алу ұйымдарының басшыларына халыққа әрдайым сапалы медициналық көмек көрсету бағытындағы жұмыстарды күшейтудi тапсырды.