Елімізде «Pfizer» вакцинасының I-ші дозасын 868 684 жасөспірім салдырған

823
2022 жылғы 17 шілдеде Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 2 - ші компонентін 9 321 531 адам салдырды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының мәліметтеріне қарағанда, 2022 жылғы 17 шілдеде «Pfizer» вакцинасының I-ші дозасын 1 229 826 адам, ІІ-ші дозасын 1 168 972 адам салдырды.

 Оның ішінде: І-ші компонентін 868 684 жасөспірім, 41 264 жүкті әйел, 145 057 бала емізетін әйел салдырды. ІІ-ші компонентін 846 299 жасөспірім, 38 772 жүкті әйел, 139 430 бала емізетін әйел салдырды.


«Пфайзер» (АҚШ) компаниясы шығарған «Комирнати» вакцинасы Қазақстан Республикасында уақытша мемлекеттік тіркелген.
Кепілдік берілген сападағы препараттармен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстанда 18 жасқа дейінгі балалар үшін өндірісі ДДҰ-ның біліктілігін алған вакциналар сатып алынады, яғни елімізде осы ұйымның сапа мен тиімділікке қойылатын барлық қажетті талаптарына жауап беретін вакциналар пайдаланылады.
«Комирнати» вакцинасы төтенше жағдайларда қолдану үшін ұсынылған ДДҰ-ның тізіміне енгізілген.
ДДҰ-ның аралық деректеріне сәйкес 12-15 жас аралығындағы жасөспірімдердің қатысуымен клиникалық зерттеулердің үшінші кезеңі осы жас тобы үшін осы вакцинаның жоғары тиімділігін және қауіпсіздігін көрсетті, бұл алдыңғы жас көрсеткіштерінің 16 жастан бастап және одан үлкен, 12 жасқа дейін және одан үлкен жасқа кеңеюіне алып келді.

КВИ-ге қарсы «Комирнати» («Пфайзер» компаниясы) вакцинасын енгізгеннен кейін медициналық бақылау вакцинаны енгізгеннен кейін алғашқы 30 минутта жүргізіледі. Бұл ретте медициналық бақылау жүргізуге арналған үй-жайда физикалық қашықтықты сақтау ескерілетін болады.
Кейіннен медициналық бақылау келесі 3 күн бойы егілген жасөспірімдердің ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне қоңырау шалу арқылы жүргізіледі. Бұл ретте медициналық бақылау мектепте де, тіркелген жері бойынша медициналық ұйым тарапынан да жүргізіледі. 


 БЦЖ вакцинасы туберкулездің арнайы профилактикасы үшін қолданылады және бұл вакцина туберкулездің ауыр түрлерінен (милиарлы диссеминацияланған туберкулез, туберкулезді менингит) қорғайды.
Әлемдік практикада вакцинацияның КВИ-ден қорғауға әсерінің болуы туралы ғылыми негізделген дәлел жоқ.
Осыған байланысты, туберкулезге қарсы вакцинация коронавирустық инфекциядан қорғай алмайды. КВИ-ден қорғау мақсатында осы инфекцияға қарсы вакцинация ұсынылады.
Әлемдік деңгейде жасөспірімдерге «Комирнати» («Пфайзер» компаниясы) вакцинасы ұсынылады, сондықтан  жасөспірімдерге бұл вакцина КВИ-ден спецификалық қорғау үшін ұсынылады