Денсаулық
220
Коронавирус пен пневмониядан 28,5 мың адам емделіп жатыр

5 тамыздағы мәлімет бойынша, ел өңірлерінде 28 531 адам коронавирустан емделіп жатыр.
Олардың арасында 28 247 (КВИ+) науқаста коронавирус инфекциясы, 284 (КВИ-) науқаста коронавирус белгілері бар пневмония анықталған.
Барлық пациенттердің 1 466-сы стационарда, 27 065-і амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 37 адамның жағдайы ауыр;
- 8 пациенттің жағдайы өте ауыр;
- 3 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.