Ересектер қызылшаға қарсы вакцинаны қай жасқа дейін ала алады – Денсаулық сақтау министрлігінің жауабы
Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі қызылшаға қарсы вакцинаны ересектерге қай жаста салған дұрыс екенін айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
“Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы" ШЖҚ РМК басқарма төрағасы Манар Смағұлдың сөзінше, қызылшаға қарсы вакцинация тек 30 жасқа дейінгі ересектер арасында жүргізіледі. Өйткені бұл жаста ауру мен оның асқыну қаупі жоғары.
Манар Смағұл дегенмен медицина қызметкерлері қауіпті топ болып саналғандықтан оларға вакцинация 55 жасқа дейін жүргізілетінін айтты.
Қазақстанда балаларға қызылшаға қарсы вакцина салу міндеттеле ме – Министрдің жауабы
Қазақстанда екі бала қызылшадан көз жұмды
Осы тұста инфекционист дәрігер Динагүл Баешева мына топтағы адамдарға қызылшаға қарсы вакцина алуға болмайтынын айтты:
Медициналық көрсеткіштер бойынша онкогемотологиясы бар;
Иммундық жүйесі әлсіреген адамдар, мысалы, қатерлі ісікпен емделетін немесе иммунитет тапшылығы бар науқастарға;
жүкті әйелдерге (әсіресе бірінші триместрде);
вакцинаның алдыңғы дозасына немесе оның компоненттеріне, канамицин, неомицин деген дәрілерге аллергиясы барларға.