Сұлулыққа миллион жұмсаған әйелдің беті күтпеген нәтиже берді

1 515

Фото:inbusiness.kzҚостанай қаласында сұлулық салоны лицензиясыз қызмет көрсеткені анықталып, тұтынушыға толық төлем – 1,2 миллион теңге қайтарылды,-деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

2025 жылғы жазда жергілікті тұрғын дерматокосметологиялық процедураларға 1 200 000 теңге төлеген. Алайда нәтиже көңілінен шықпағандықтан, ол салон әкімшілігінен ақшаны қайтаруды талап етті. Салон талапқа жауап бермегендіктен, тұтынушы Тұтынушылар құқығын қорғау және сауда департаментіне шағымданған.

Тексеру барысында салон лицензиясыз, яғни медициналық рұқсатсыз қызмет көрсеткені анықталды. Сот шешімімен салон тұтынушыға барлық төленген соманы қайтаруға міндеттелді. Сонымен қатар, департамент келісімшарттағы тұтынушылар құқығын шектейтін талаптарды алып тастау бойынша нұсқама берді.