Қай жастағы балалар коронавирусты жиі жұқтырады

244
Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Сархат Бейсенова жасөспірімдерге не үшін вакцина салдыру қажеттігін түсіндірді,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

«Жыл басынан бері біздегі жалпы сырқаттану статистикасында балалардың үлесі - 17,5%. Мектеп оқушылары арасында сырқаттарды алып қарасақ, жыл басынан бері 3 554 оқушы ауырған. Жалпы көрсеткіштің 32,3%-ын 12-17 жастағы балалар мен жасөспірімдер құрайды», - деді Сархат Бейсенова әкімдікте өткен брифингте.

Оның айтуынша, балалар арасында дәл осы жас тобы коронавирус инфекциясына өте сезімтал келеді.

«Вирус жұқтыру бойынша екінші топ – 12-14 жастағы балалар (21%). Сондықтан бұл жас тобы да вакциналау үшін қабылданды. Сонымен қатар, ДДСҰ балаларды вакциналау үшін Pfizer вакцинасын ұсынды, өйткені ол осы жас санатына вакцина жасауда өте жоғары тиімділік көрсетті», - деді С. Бейсенова.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.