Медицина қызметкерін балағаттаған зейнеткерге айыппұл салынды

2 511

Фото: Intockphoto.comҚостанай қаласының мамандандырылған әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі соты медицина қызметкеріне қызметтік міндетін атқару кезінде құрметсіздік танытқан азаматқа қатысты әкімшілік істі қараған,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

Сот материалдарына сәйкес, 2026 жылғы 16 шілдеде Д. есімді азамат «Биос» ЖШС ғимаратында медицина қызметкері С.-ға балағат сөздер айтып, дене күшін қолданамын деп қорқытқан.

Сот отырысында құқық бұзушының кінәсі іс материалдары мен ұсынылған дәлелдемелердің жиынтығымен дәлелденген.

Жаза тағайындау кезінде сот оның әкімшілік жауапкершілікке алғаш рет тартылып отырғанын және жасының 70-тен асқанын ескерген.

Сот қаулысымен Д. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 80-1-бабының 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынған. Заң талаптарына сәйкес айыппұл көлемі 30 пайызға қысқартылып, өндіріп алынатын сома 90 825 теңгені құраған.

Сот қаулысы әзірге заңды күшіне енген жоқ.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.