Қызылорда облысында Конго-қырым қанды безгегіне қауіпті 115 елді мекен анықталды

2 567

Фото: Gov.kzҚызылорда облысында Конго-қырым қанды безгегінің ошағы шығуы мүмкін деген 115 елді мекен анықталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Биыл Қызылорда облысы бойынша Конго-қырым қанды безгегінің ошағы шығуы мүмкін деген 115 елді мекен қолайсыз деп есепке алынды. Аталған қолайсыз аумақтарда кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстарының көктемгі кезеңі сәуір айында басталады деп жоспарланып отыр.


«Өңдеу жұмыстары облыстың оңтүстік аймақтарынан бастап жүргізіледі. Осыған орай тұрғындарға мал қораларға механикалық тазалау жұмыстарын жүргізуді сұраймыз. Былтыр Қазалы, Жалағаштан басқа ауданның барлығында Конго-қырым қанды безгегі тіркеліп, облыс бойынша эпидемиологиялық ахуал қолайсыз болды. Облыста 48 күдікті науқас тіркеліп, оның 13-інің диагнозы расталды. Тұрғындар үшін кенеден келетін қауіп тек көктем-жаз айларында ғана емес, жыл көлемінде сақталуда. Былтыр Конго-Қырым геморрагиялық қызбасына шалдығу жағдайы желтоқсан айынды да тіркелген болатын. Бұл жағдайға ауа-райының қолайлы болуы, аурудың табиғатта таратушы көзі кенелердің белсенділігінің жоғарылығы өз септігін тигізді», - деп мәлім етті Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен.