Қызылорда облысында Pfizer вакцинасын 60 мыңнан астам алды

267
Қызылорда облысында 60 мыңнан астам адам Pfizer вакцинасын салдырды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Осы уақытқа дейін өңірде 60 096 адам Pfizer вакцинасының бірінші компонентін салдырды. Оның ішінде 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдер - 52746.

Ал жүкті әйелдер арасында 2369 адам бірінші компонентті салдырды. Ал лактация кезеңіндегі әйелдер арасында бірінші компонент алғандар - 4977.

«Қаулылардағы соңғы өзгерістерге сәйкес вакцина медицина қызметкерлері, мүгедек адамдар, 50 және одан жоғары жастағы егде адамдарға салынады», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.