Қаңтар айында әлем бойынша 90 миллион адам коронавирус жұқтырған

218
Қаңтар айында әлем бойынша коронавирус жұқтырудың 90 милн жағдайы тіркелген,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі ресейлік ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Вирус қай елде қатты тарады ?


Соңғы аптада ғана әлемде 22 миллион инфекция расталған. Алайда, бірқатар елдерде аурулар қайта азая бастады. Осыған байланысты кейбір елдердің билігі негізгі шектеулермен бірге маска режимін де алып тастап жатыр. Коронавирус келешекте салқын тигізу сияқты симптомдармен өтеді дегенге иланатын елдердің саны да артып келеді.

Өткен айда коронавируспен сырқаттану жағдайы әсіресе АҚШ-та көп тіркелген. Мұнда шамамен шамамен 20 миллион адам ауырған. Дегенмен қаңтардың басында күніне 600 мыңға жуық жаңа жағдай тіркелсе, ортасына қарай 900 мың, айдың соңғы күндерінде 300 мың жағдай анықталды.

Францияда 25 қаңтарда 500 мыңнан астам инфекция жұқтыру жағдайы тіркелді. Бірақ 1 ақпанға қарай ауру жұқтыру саны төрттен бірге азайды.

Үндістанда күніне 400 мыңнан астам жағдай байқалды. Қаңтар айының ортасында ең жоғары көрсеткіш бір күнде 350 мыңнан сәл асса, ал айдың аяғында 170 мыңға дейін түсті.

Аргентинада қаңтардың ортасында күніне 140 мыңға жуық инфекция тіркелсе, қазір шамамен 40 мың жағдай анықталып отыр.

Қаңтар айында Германияда ауру бірден 10 есеге өсті. Польша мен Чехияда күніне шамамен 55 мың адам вирус жұқтырған. Ал Украина мен Румынияда күн сайын шамамен 35 мың адам ауру жұқытрған. Ресейде бір айда 1,4 миллион адам инфекция жұқтырғаны хабарланды. Түркияда бір айдың ішінде вирус жұқтыру деңгейі үш есе өскен.

Еуропа шектеулерді алып тастап жатыр


Ұлыбританияда инфекцияның таралу қарқыны жыл басынан бері үш есеге жуық төмендеген. Қазір күн сайын 80 мыңға жуық вирус тіркелуде. Осыны ескеріп, билік елде вакцина паспортының, маска режимі мен өз-өзін оқшаулар шараларының күшін жойды. Премьер Борис Джонсон Ұлыбритания бұдан былай «COVID-19» індетін суық тиюмен бірдей деп қабылдайтындай деңгейге жетіп отыр.

Швеция билігі 9 ақпаннан бастап коронавиурспен байланысты шектеулердің бәрін алып тастау туралы шешім қабылдады. Премьер-Министр Магдалена Андерссонның айтуынша, «инфекция деңгейі біраз уақытқа дейін жоғары болады, бірақ инфекцияның ең ауыр салдары артта қалған». Швециямен көршілес жатқан Дания, Норвегия, Финляндия, Швейцария елдері де шектеу шараларын алып тастады.

Бразилияда аурудың өсуі жалғасып жатқанына қарамастан (тәулігіне 280 мыңнан астам жағдай тіркелген), билік коронавирусты эндемиялық ауру деп тану мәселесін талқылап жатыр.

Өлім көрсеткіші азайып келеді

«Аурудың күрт өсуіне қарамастан, әлемде жаңа инфекцияның салдарынан өлім-жітім өсіп жатқан жоқ Қаңтар айында планетада 233 мыңнан астам адам қайтыс болды. Бұл желтоқсан айындағы көрсеткіштен 10% асып, бір жыл бұрынғыға қарағанда айтарлықтай аз болды», - деп жазады ТАСС агенттігі.

Қазір АҚШ-та коронавирустан күн сайын 3 мыңнан астам өлім тіркеліп отыр. 2021 жылдың қаңтарында бұл көрсеткіштер бір жарым есе жоғары еді.

Тек Үндістанда өлім күрт өскен. Өткен айда тәулігіне 1 мыңға жуық науқас қайтыс болып отырған. Былтырғы шілдеден бері мұндай болмаған еді.