Нутрициолог: кей адамдарға құрт жеу денсаулыққа зиян

2 446

Фото: pinterest.comНутрициолог Алия Каженова шектен тыс құрт жеу денсаулыққа зиян тигізетінін жеткізді. Айтуынша, құрт құрамындағы тұздың көп мөлшері жүрек пен бүйрекке қысым түсіріп, асқазан қатерлігі ісігіне әкелуі мүмкін, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Маманның айтуынша, дәстүрлі қазақ тағамы құрттың денсаулыққа пайдасы мол. Ол ақуыз, кальций, фосфорға бай және табиғи пробиотик. Әсіресе қарттар, балалар мен менопауза кезеңіндегі әйелдерге пайдалы. Себебі сүйекті берік етеді.

Алайда оны шектен тыс жеу зиян тигізуі мүмкін. 100 грамм құрттың құрамында 10–15 грамм тұз болады. Бұл Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) ұсынған күндік нормадан (5 г) 2–3 есе көп.

Құртты жиі және көп мөлшерде жеу:

– Қан қысымын көтереді;

– Жүрек пен бүйрекке зиян;

– Асқазан қатерлі ісігіне әкелуі мүмкін.

Маманның айтуынша, құрттан толықтай бас тартудың қажеті жоқ. Күніне 1–2 дана құрт жеу қауіпсіз норма.

Құрт қышқыл сүттен (айран, сүзбеден) дайындалады. Қазақстанда оны жолға жеңіл ас ретінде алып жүреді. Себебі құнарлы әрі ұзақ уақыт бұзылмай сақталады.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.