Министрлік “белгісіз вирус тарады” деген ақпаратқа түсініктеме берді
Соңғы күндері әлеуметтік желілерде “балам белгісіз вирус жұқтырды”, “ауруханаларда орын жоқ” деген мазмұндағы жазбалар көбейіп кетті. Көпшілік, әсіресе, дене қызуы 40 градусқа дейін көтеріліп, түспей тұрған жағдайларға алаңдаулы, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Алайда Денсаулық сақтау министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды. Ведомствоның мәліметінше, елде “белгісіз вирус” тіркелмеген, қазіргі жағдай – маусымдық респираторлық аурулардың әдеттегі кезеңі.
Ал өңірлердегі денсаулық сақтау басқармалары да жағдайдың тұрақты екенін айтады.
Министрлік азаматтарды әлеуметтік желілердегі расталмаған ақпаратқа сенбеуге және тек ресми дереккөздерге жүгінуге шақырады.







