Дәрігерлер жүрегі тоқтап қалған 12 жасар қыздың өмірін сақтап қалды

2 513

medcentr.bizАтырауда 12 жасар қыздың жүрегі тоқтап қалған. Жергілікті дәрігерлер науқастың өмірін сақтап қалды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Атырау облыстық балалар ауруханасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 12 жасар қыз қант диабетімен ауырған. Науқас кенеттен есінен танып, ауруханаға жедел жеткізілген. 


«Науқасқа балалар кардиологы Тамилла Маратқызы холтерлік ЭКГ жасап, онда 4 секундтан астам 141 елеулі үзілісті анықтады. Сонымен бірге 3-дәрежелі АВ блокада жүректің тоқтап қалу қаупі туындады. Сол себептен, науқастың жағдайы қиын деп бағаланды», -деп хабарлады аурухананың баспасөз қызметі. 


Аурухана дәрігерлері жасөспірімнің өмірін сақтап қалуға кеңес алу үшін Астанадағы Ұлттық ғылыми кардиология орталығының аритмологтарына жүгінген. Науқасты санитарлық авиацияның көмегімен елордадағы орталыққа жеткізу мәселесі қозғалды. 


«Атыраудағы кардиология орталығында науқастың жүрегіндегі оң жақ қарыншаға белсенді фиксациясы бар тұрақты сыртқы кардиостимулятор имплантацияланды. Отаны аритмолог-дәрігер Қ.Испергенов, ассистент-рентгенохирург А.Максимов, реаниматолог Т.Лесұлы, кардиолог Ж.Оралбекова, балалар кардиологы Т.Маратқызы жасаған. Ота сәтті өтіп, науқастың жүрегіне ритмді кардиостимулятор қойылды», -деп мәлім етті аурухананың баспасөз қызметінен.


Қазір 12 жасар жасөспірімнің өміріне төніп тұрған қауіп жоқ.