"Өкпе шыдамай "жыртылып жатыр": Дәрігер ел тұрғындары дертті қалай ушықтыратынын айтып берді

308
 
Елордадағы Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтының базасындағы жұқпалы аурулар госпиталінің жансақтау бөлімінің меңгерушісі Павел Останин санитариялық талаптарды елемеу қандай жағдайға жеткізетінін айтып берді. 
 
"Біреу үйінде жағдай әбден ушыққанға дейін жатады, ал енді бірі "індеттен құтылып кетемін" деп ойлайды. Түптеп келгенде жағдай қандай болып жатыр?! Сатурация 40-қа дейін төмендеген, ес-түссіз хәлде түсуде. Оны қалай емдеуге болады? Біз соңына дейін күресеміз, барымызды саламыз. Дәл қазір "жаңа" пациенттер де, біраздан бері ауырып жатқан науқастар да бар. Реанимацияда болудың орташа мерзімі бізде 21 күн. Оң нәтиже беретін максималды уақыт — 50 күн", - дейді дәрігер. 
 

Аталмыш ауруханада бүгінге дейін 1000-нан астам науқас емделіп шыққан. Жазылғандар көбейгенімен медицина қызметкерлеріне артылар жүк азаймай отыр. Мұндағы ең жас науқас 22 жаста. Дәрігер ауруханада жатқан науқастар таза ауада, қиналмай дем алуды армандайтынын айрықша атап өтті. 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.