Бір тәулікте коронавирус пен COVID-19 белгілері бар пневмониядан тағы 28 қазақстандық көз жұмды

271

Фото: Денсаулық сақтау министріҚазақстанда бір тәулікте коронавирус пен COVID-19 белгілері бар пневмониядан 28 адам қайтыс болды. Бұл соңғы аптадағы ең үлкен көрсеткіш. 

Денсаулық сақтау министрлігінің telegram арнасындағы деректерге сүйенсек, өткен тәулікте коронавирустан 24 қазақстандық қайтыс болған, 1197 адам індеттен жазылып шыққан. Сонымен қатар 2016 адамнан коронавирус инфекциясы анықталған. 

Қазір елімізде 35 178 адам COVID-19-дан емделуде. Олардың ішінде 12 324 пациент стационарда, 22 854 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 

586 адамның жағдайы ауыр, 175 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағалануда. 112 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

Ал COVID-19 белгілері бар пневмониямен ауырғандарға келсек, 11 сәуірдегі мәлімет бойынша аталмыш диганоз 10 адамнан анықталған. 4 науқас қайтыс болған. Сондай-ақ тағы 101 адам ауруынан айыққан. 

Жалпы 2020 жылдың 1 тамызынан бастап бүгінге дейін COVID-19 белгілері бар пневмониямен 51 409 адам ауырып, 731 науқас көз жұмған. Барлығы 50 203 адам жазылып шыққан. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.