«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы әзірленіп жатыр - министр

618

Фото: ken-zhyloi.kzҮкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы әзірленіп жатқанын айтты, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 

"Денсаулық сақтау саласында еліміздің ауыл тұрғындарының қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы әзірленіп жатыр. Бұдан басқа, медициналық инфрақұрылымды, оның ішінде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік арқылы кешенді жақсарту шаралары жасалады",  деді министр.


Сондай-ақ, ол денсаулық сақтау және білім салаларында жаңа ұлттық жобалар дайындалып жатқанын атап өтті.