Елімізде марқұм болған адамның ағзасын туыстарының рұқсатынсыз алу ұсынылды
"Қазақстан халқына" қорының басқарма төрағасы Болат Жәмішев Қазақстанда мәйіт донорлығына қатысты заңды өзгерту қажет деп санайды,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Қазір мыңдаған қазақстандық ағза алмастыру операциясын күтіп, кезекте тұр. Олардың көбі тек шетелден келетін, атап айтқанда, қайтыс болған адамның туыстарының рұқсатын қажет етпейтін елдерден әкелінетін ағзаларға үміт артып отыр.
Телеарнаның мәліметінше, қазір 4 мыңға жуық қазақстандық трансплантация кезегін күтіп тұр, оның 90-ы бала. Дереккөз: КТК телеарнасы "Электронды үкімет" сайтында ағзаларды трансплантаттау – ағзаларды (ағзаның бөлігін) және тіндерді (тіннің бөлігін) организмнің басқа жеріне немесе басқа организмге ауыстырып салу екені айтылған. "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі кодексінің 210-бабына және 212-бабының 1 және 3-тармақтарына сәйкес тірі (тірі кезіндегі донор) және қайтыс болған адам (қайтыс болғаннан кейін донор) донор бола алады.
Төмендегі талаптарға сәйкес тұлға ағза мен тіндердің тірі кезіндегі доноры бола алады:
- 18 жастағы және одан үлкен; әрекетке қабілетті; ағзасын (ағзасының бөлігін) және тіндерін (тінінің бөлігін) одан әрі трансплантаттау үшін алуға жазбаша нотариат куәландырған келісімін білдірген;
- ағзасын (ағзасының бөлігін) алу денсаулықтың біржола бұзылуына алып келмейтінін растайтын жан-жақты медициналық зерттеп-қараудан өткен.
Қазақстанда тірі кезіндегі донордан ағзаны (ағзаның бөлігін) ауыстырып салу туралы шешімді Этикалық комиссия қабылдайды, ол теріс пайдалануды болдырмау және қауіпсіздікті арттыру мақсатында жоғарыда аталған барлық растайтын құжаттарды қарайды, ықтимал реципиент пен тірі кезіндегі донор арасындағы генетикалық байланысты белгілейді. Қайтыс болғаннан кейінгі донор – 18 және одан жоғары жастағы, ағзалары (ағзасының бөлігі) және (немесе) тіні (тінінің бөлігі) реципиентке транспланттау үшін пайдаланылуы мүмкін, бас миының біржола семуі расталған адам бола алады. Қайтыс болғаннан кейінгі бір донордың органдары шамамен 7 адамның өмірін құтқара алады.