Елімізде жедел жәрдем бригадасының құрамына парамедик маманы қосылмақшы

490
Елімізде жедел жәрдем бригадасы құрамына жаңа маман қосылмақшы, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.



Министрлік халыққа шұғыл медициналық көмек сапасы мен қолжетімділігін жақсарту үшін ведомствоның "Жедел медициналық жәрдем, оның ішінде медициналық авиацияны тарта отырып көрсету қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына өзгерістер енгізген.

Бұйрыққа сәйкес жедел жәрдем бригадасы құрамына парамедик - алғашқы көмек көрсету бойынша қосымша функцияны орындай алатын және шақыруларға қызмет көрсету бойынша жедел медициналық жәрдем бригадалары жұмысына қатысатын алғашқы көмек көрсету бойынша кәсіптік даярлық курсынан өткен адам кіреді.

Айта кетейік, бүгінде елімізде 1500-ге жуық жедел жәрдем бригадасы жұмыс істейді. Оның 18 пайызы - мамандандырылған бригадалар.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.