Министрлік “белгісіз вирус тарады” деген ақпаратқа түсініктеме берді

2 534

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Денсаулық сақтау министрлігіСоңғы күндері әлеуметтік желілерде “балам белгісіз вирус жұқтырды”, “ауруханаларда орын жоқ” деген мазмұндағы жазбалар көбейіп кетті. Көпшілік, әсіресе, дене қызуы 40 градусқа дейін көтеріліп, түспей тұрған жағдайларға алаңдаулы, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Алайда Денсаулық сақтау министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды. Ведомствоның мәліметінше, елде “белгісіз вирус” тіркелмеген, қазіргі жағдай – маусымдық респираторлық аурулардың әдеттегі кезеңі.

“Қазір тұмау мен басқа да тыныс жолы инфекцияларының деңгейі қалыпты. Бұл маусымдық құбылыс. Сонымен қатар COVID-19 вирусының омикрон штаммының жаңа түрі де айналымда жүр. Ол тез жұғуы мүмкін, бірақ аурудың ауыр түрге өтуі сирек кездеседі. Сондықтан алаңдауға себеп жоқ”, – деді Қоғамдық денсаулық сақтау орталығы басқарма төрағасының орынбасары Манар Смағұл.

Ал өңірлердегі денсаулық сақтау басқармалары да жағдайдың тұрақты екенін айтады.

“Эпидемиологиялық ахуал бақылауда. Тұмау жұқтырғандар саны аздап артқанымен, бұл қалыпты жағдай. Астанада екі инфекциялық орталық жұмыс істеп тұр – бірі ересектерге, екіншісі балаларға арналған №3 көпбейінді аурухана”, – деп мәлімдеді Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Ақбаян Арапшева.

Министрлік азаматтарды әлеуметтік желілердегі расталмаған ақпаратқа сенбеуге және тек ресми дереккөздерге жүгінуге шақырады.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.