Депутаттар медицинаға салынатын салықты жеңілдетуді ұсынды
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов жаңа Салық кодексі жобасын талқылау барысында медицина және әлеуметтік салаға салықтық жеңілдіктер қарастырылуы керектігін мәлімдеді, - деп хабарлайды "Opennew.kz" ақпарат агенттігі.
Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, әлеуметтік маңызы бар ауруларға арналған дәрі-дәрмектерге қосылған құн салығын (ҚҚС) енгізбеу ұсынылуда.
Қалған медициналық бағыттар бойынша ҚҚС мөлшері 10% болуы мүмкін. Қазіргі таңда медициналық қызметтер қосылған құн салығынан босатылған, алайда Үкімет бұл салаға 10% мөлшерінде салық енгізуді ұсынды.
Дегенмен депутаттар бұл көрсеткішті кезең-кезеңімен көтеруді ұсынуда.
Депутаттың айтуынша, салық жүктемесінің бірден 20%-ға артуы медицина саласы үшін ауыр болмақ.
Қазіргі уақытта бұл нормалар бойынша нақты шешімдер қабылданған жоқ, талқылау әлі де жалғасуда.
Қаз
Рус






