Ғалымдар коронавирусты екі секундта жоятын әдісті анықтады
265
Израильдің Ариэль университетінің ғалымдары миллиметрлік толқындарды пайдалану заттар бетінде коронавирус пен полиовирусты екі секундта жоятынын анықтады- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі РИА Новости басылымына сілтеме жасап.
Сарапшылар тобы ұзындығы 1-10 миллиметр аралығындағы радиотолқындардың инфекцияға әсерін зерттеп, радиацияның патогенді лезде жоятынын анықтады."Сәулеленудің бұл типі миллиметрлік толқындар режимінде жұмыс істейді. Бұл толқындардың ұзындығы үш секундтқа тең екенін көрсетеді. Мәселен, ұялы телефон толқыны 30 сантиметрге, ал қысқа толқынның сәулесі 12 сантиметрге тең", - деп мәлімдеді зерттеу авторларының бірі Моше Эйнат.
Миллиметрлік толқындар медицинада ісік жасушаларын жою үшін кеңінен қолданылады. Сонымен бірге ақпаратты сымсыз жеткізу үшін де пайдаланылады.
Ғалымдар толқынның температураны жоғарылатып, вирус бөліктерін жоя алатынына назар аударған. Әрі жаңа әдісті құралдар мен өзге де техникалар бетін тазартуға қолдануға болады.
Аталмыш әдісті адам денесінде әзірге қолдануға болмайды. Дегенмен ол жылдам әсер етіп, вирусты 99,8% жоя алады.
"Қазір қолданылып жатқан басқа әдістер көп уақытты алады. Мысалы, УФ-сәулелер бірнеше минуттан бір сағатқа дейін созылады. Олар адам ағзасына кері әсер етуі мүмкін, сондықтан дезинфекция кезінде қолданылмайды", - деп келтірді зерттеу басшысы Габи Гарлитц.