Қазақстанда биыл дәрі 25%-ға дейін арзандайды
Денсаулық сақтау министрлігі елде шектік бағаны енгізу саясаты енгізілген соң дәрі-дәрмек құны 10-25%-ға дейін арзандайтынын мәлімдеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында дәрі-дәрмек саясаты департаментінің директоры Жандос Әділхан дәрі бағасында қандай өзгерістер болатынын айтты.
Министрлік өкілдерінің мәліметінше, алдағы уақытта дәрі бағасына қатысты бұйрық жария етіледі. Бұйрықта дәрілердің жаңа бағасы көрсетіледі екен.
Сондай-ақ Жандос Әділхан 2025 жылы елде тегін берілетін дәрілердің тапшылығы болмайды деп сендірді.