Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны артуда

600
Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 482 жағдай тіркелді, - деп хабарлайды 
«Opennews.kz» ақпарат агенттігі.

COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мәліметінше, елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 310 370-ке жетті.


Өткен тәулікте анықталғандардың ішінде:
Нұр-Сұлтан қаласында – 123,
Алматы қаласында – 205,
Шымкент қаласында – 28,
Ақмола облысында – 1,
Ақтөбе облысында –3,
Алматы облысында – 29,
Атырау облысында – 15,
Шығыс Қазақстан облысында – 5,
Жамбыл облысында – 23,
Батыс Қазақстан облысында – 4,
Қарағанды облысында – 28,
Қызылорда облысында – 6,
Маңғыстау облысында – 4,
Павлодар облысында – 4,
Түркістан облысында 4 адам қауіпті індетке шалдыққан.