Немерем үшін қазақ тілін үйренемін – ДДСҰ бас директоры

228

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом қазақ тілін үйренбек. Бұл туралы ол Денсаулық сақтау министрлігінің басшылығымен өткен кездесуде айтты, деп хабарлайды Адырна тілшісі.

Фото: ДДСҰ

«Бұған дейін Қазақстанда екі рет болдым. 2017 жылы бір рет Алматыға бардым. 2018 жылы дәрігер Төрегелді Шармановпен алғашқы медициналық-санитарлық көмек жөніндегі конференцияда кездестім. Осы уақыт аралығында мен қазақтың құдасы емес едім. Біз 2022 жылы құдаластық. Өте қуаныштымын. Осында менің Дәулет Тұрлыханов есімді құдам бар. Бұл Қазақстанның менің де үйім екенін білдіреді. Жақын арада немерем менімен қазақша сөйлесетін болады. Сондықтан немерем үшін қазақ тілін үйренемін»,— деді ол.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.