Ағзасын сатпақ болған қазақстандық ұсталды

2 529

Фото:depositphotos.comАқтөбе облысында прокуратура адамның ішкі ағзаларын заңсыз сату әрекетін анықтады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желідегі жазбаларға мониторинг жүргізу барысында Ақтөбе қаласының тұрғыны өзінің ішкі органдарын сататыны жөнінде заңсыз мәміле жасауы мүмкін екені туралы ақпарат анықталған. Осы мәлімет негізінде полиция жедел іздестіру іс-шаралары жүргізген. 30 сәуірде жалпы сомасы 15 млн теңгеге адамның ішкі органдарын сату бойынша заңсыз мәміле жасамақ болған күдікті ұсталған.

"Бұл дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 116-бабының 1-бөлігімен (Адамның ағзалары мен тiндерiн алып қоюға мәжбүрлеу немесе заңсыз алып қою) соталды тергеп-тексеру басталып, тергеу жүргізіліп жатыр", - деп жазылған хабарламада.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.