"Химиотерапия науқастың өмірін 3-5 жылға ұзартады" – министрлік

1 327

Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры Азамат Дүйсенов жыл басынан бері қатерлі ісік диагнозы қойылған 14 мыңнан астам қазақстандық химиотерапия алатыны туралы мәлімдеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 


«Биылғы 7 айдың қорытындысы бойынша Қазақстанда 14 175 пациент химиотерапиялық ем алып жатыр. Химиотерапия онкологиялық ауруларды емдеудің негізгі әдістеріне жатады. Ол бекітілген диагностика және емдеу хаттамаларына сәйкес тағайындалады. Негізінен кешенді емдеу құрамында – ісік мөлшерін және метастаздарды (клиникалық, клиникаға дейінгі) азайту мақсатында хирургиялық емдеуге дейін, ремиссияға қол жеткізу мақсатында және қайталанудың алдын алу мақсатында жүргізеді», - делінген департамент директорының тілші сауалына орай жолдаған жауабында.


Ведомство дерегіне сай, заманауи иммунотерапияны қолдану асқыну сатысындағы онкологиялық науқастардың денсаулығын жақсартуға сеп болды.


«Заманауи мақсатты және иммунотерапияны қолдану метастазбен дамыған қатерлі ісіктің кезеңдері бар науқастардың нәтижелерінің жақсарғанын көрсетеді. Егер бұрын өкпенің қатерлі ісігі, меланома, саркома сияқты жоғары агрессивті локализацияларда біз 1 жылдық өмір сүру туралы айтатын болсақ, қазір заманауни тиімді дәрілік және радиотерапия әдістерін қолдана отырып, біз 3 және 5 жылдық өмір сүру ұзақтығы жайлы айта аламыз», - деп жазылған ведомство ұсынған жауапта.