Ғалым Wi-Fi арқылы жүрек ауруларын диагностикалауға арналған құрылғы ойлап тапты
СҚО-да ғалым Wi-Fi арқылы жүрек ауруларын диагностикалауды жеңілдететін аппарат ойлап тапты,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі kaz.inform.kz сайтына сілтеме жасап.
Қозыбаев университетінің Инженерия және сандық технологиялар факультетінің PhD докторы, зерттеуші Саят Молдахметов технологиясын қолдану арқылы биомедициналық сигналдарды қабылдау және таратуға арналған аппараттық-бағдарламалық Wi-Fi интерфейсін әзірлеп жатыр. Жас ғалым ғылым саласында 20 жыл бойы еңбек етіп келеді. Ол бұған дейін де бірқатар ғылыми жобаларға қатысқан. Атап айтқанда, 2018–2020 жылдары «Электрокардиодиагностиканың сымсыз автоматтандырылған жүйесін әзірлеу» атты гранттық жобаның мүшесі болған. Мемлекеттік ғылыми стипендия иегері атанған. Ғалым көпдеңгейлі қуат инверторының қуатын арттыру әдістерін әзірлеу жобасына жетекшілік еткен. Бұл жобаға 18 миллион теңгеден астам көлемде гранттық қаржыландыру бөлінген.
Ғалым ғылыми зерттеулерін Польшадағы Люблин техникалық университеті мен Финляндиядағы Шығыс Финляндия университетінде өткен халықаралық тағылымдамалар аясында жалғастырған.







