Балаларға да вакцина паспорты беріледі

431
Вакцинацияланған барлық жасөспірімдер ересектер сияқты вакцинация паспортын алады- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

«Ата-анасы балаға екпе салудан бас тартса, онда баласын Қазақстан Республикасының Конституциясында кепілдік берілген денсаулықты қорғау құқығынан айырғаны.

Айта кетейін, вакцинацияланған барлық жасөспірімдер ересектер сияқты вакцинация паспортын алады»,-деді Жандарбек Бекшин. Айта кетейік, бүгіннен бастап жасөспірімдерге екпе салу басталды.

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасары Лаура Мырзағалиеваның мәлімтеніше, мегаполисте 12-17 жас аралығындағы 1 619 бала екпе алуға дайын.

«12-17 жастағы 1 619 баланың вакцина алғысы келді. Егер жасөспірім ата-анасының келісімінсіз вакцинацияға келсе, медицина қызметкерлері олармен хабарласып, келісімін сұрайды. Тізімдер бар, педагогтар бізге көмектеседі», - деді дәрігер.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.