Қазақстанда бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан қайтыс болғандар көбейді

284

Фото: pixabay.comЕліміздің денсаулық сақтау министрлігі коронавирус пен COVID-19 белгілері бар пневмония бойынша деректерді жаңартты. Мәліметтерге сүйенсек, өткен тәулікте 39 адам індеттен көз жұмған. 

Ведомствоның дерегінше, өткен тәулікте 2298 адамға коронавирус диагнозы қойылып, 34 пациент аурудың құрбаны болған. Тағы 2663 адам ауруынан айыққан.
 

Ал коронавирус белгілері бар пневмония 29 қазақстандықтан анықталып, 5 науқас індеттен көз жұмған. Оған қоса 65 адам дертінен сауыққан.
 

Министрлік таратқан соңғы деректерге сәйкес, бүгінде 44 572 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр. Оның 15 015 пациенті стационарда, 29 557 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 

Соның ішінде 784 адамның жағдайы ауыр, 196 пациенттің жағдайы өте ауыр, 117 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.