34 мыңнан астам жасөспірім Қызылорда облысында «Pfizer» вакцинасын салдырды

313
Бүгінгі күнге дейін Қызылорда облысында 34 мыңнан астам жасөспірімге екпе салынды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Қазірге дейін өңірде барлығы 38 746 адам «Pfizer» вакцинасының бірінші компонентін салдырды. Бұл - тиісті контингенттің 38,9 пайызы.

Олардың 16,2 пайызы екі компонентін алғандарды құрап отыр. Оның ішінде 34 102 жасөспірім, 1908 жүкті әйел, 3530 емізулі ана қамтылды.

«Бүгінге дейін аталған вакцинаны салдырғандар арасында 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдер саны басым. Олардың 20,4 пайызы екі компонетін де алып үлгерді. Ал жүкті әйелдер арасында бірінші компонентпен - 8,4, лактация кезеңіндегі әйелдер арасында 8,3 пайызды шамалайды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.