Инсульт алған науқастар оңалтудан тегін өте алады

899
Алматы қалалық №1 ауруханасының баспасөз қызметі Неврологиялық ауруға шалдыққан науқастар әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеті шеңберінде денсаулығын оңалта алады деді, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 

 Инсульт алған науқастардың бірінің айтуынша, ол МӘМС аясында оңалтудан өткен.

«Мен аурухананың нейрореабилитация бөліміне инсульт алғаннан кейін 20 күннен соң түстім. Ол кезде өз бетімше қозғалып, сөйлей алмайтынмын», - дейді науқас

Аурухананың тәжірбиелі дәрігерлері жеке оңалту бағдарламасын жасап, реабилитацияның кинезиотерапия әдісін қолдану туралы шешім қабылдады. Кинезиотерапия инсульт салдарынан сал болып қалғандарды аяғынан тұрғызуға мүмкіндік береді. 

Нейрореабилитация бөлімінің меңгерушісі Әмина Сейданованың айтуынша, бөлімше қажетті жоғары технологиялы аппараттармен жабдықталған, аталған санаттағы сырқаттармен жұмыс істейтін білікті мамандар да жеткілікті.

 «Оңалтудың екінші кезеңі мидағы қан айналысы бұзылған және миына, жұлынына ота жасалған пациенттерге арналған. Олар бөлімшеге аталған манипуляциядан кейін 9 айдан соң қабылданады. Кешенді емдеу-оңалту процесіне көптеген салалық мамандар жұмыдырылады. Жоспарлы түрде стационарға жатқызу «Ауруханаға жатқызу бюросы» порталы арқылы жүргізіледі», - деп атап өтті дәрігер.