Тағы бір облыс қайтадан "қызыл" аймаққа өтті

364
Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының ресми сайты ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жария етті. Оған сәйкес, Ақмола облысы қайтадан "қызыл" аймаққа өтті.

Айта кетейік, 19 сәуірде Ақмола облысы "қызыл" аймақтан шығып "сары" аймаққа өткен еді. Алайда бүгін
облыстың қайтадан "қызыл" аймаққа енгені белгілі болып отыр. 

Қазір "қызыл" аймақта Ақмола облысынан бөлек, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары бар. 

"Сары" аймақта Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Маңғыстау облыстары тұр. 

Ал Қостанай мен Түркістан облыстары "жасыл" аймақта.

Қазақстанда өткен тәулікте 2530 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталды. Олардың басым бөлігі Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларынан.