Салтанат Байқошқарова: «Бір жыл бойы жүкті болмау – бедеуліктің белгісі»

2 207

Сурет: baq.kzСалтанат Байқошқарова бедеулік қай кезде белгілі болатынын айтты.

Профессор Салтанат Байқошқарова ерлі-зайыптыларға үндеу жасады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, егер ерлі-зайыптылар бір жыл бойы қорғанусыз жыныстық қатынасқа түсіп, әйел жүкті болмаса — бұл клиникалық бедеулік саналады. Мұндай жағдайда дәрігерге жүгініп, толық медициналық тексеруден өту керек.

«Бедеулік – әйелдің де, еркектің де мәселесі. Сондықтан отбасы бұл мәселеге бірлесе қарап, шешім қабылдауы қажет», – дейді профессор.

Мамандардың айтуынша, уақыт жоғалтпай, ерте диагностика жасау – ата-ана болудың негізгі кепілі. Қазіргі таңда ЭКО, ИКСИ сынды заманауи әдістер арқылы көптеген отбасы бала сүю бақытын кешіп отыр.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.