Көкшетауда мейірбике Манту сынамасын екпе орнына салған
368
Көкшетауда 12 жастағы мектеп оқушысын емханаға Манту сынамасын салдыруға шақыртқан. Алайда мейірбике қателікпен сынаманы екпе сияқты қыздың иығына салған,-деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.
Анасының айтуынша, 2010 жылы туған қызды қалалық орталық емханаға Манту сынамасын салуға шақыртқан. Медициналық мекемеге қызымен бірге келген әйел құжаттарды толтырып жатқан сәтінде, қызды басқа кабинетке алып кеткенін айтады. Екпе білектің ішкі жағына емес, иыққа салынғанын көргенде анасы қобалжығанын айтады. Көп ұзамай, қыздың дене қызуы көтерілген.
Әйел емхана мен денсаулық сақтау басқармасына хабарласып, мән-жайды анықтауды және қызының денсаулығын бақылауға алуды сұрады.
"Екпені салу тәсілі де, одан кейінгі әсері де прививканың өзін еске салады. Менің балама не еккенін білмеймін", - дейді әйел.
Ал Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасы мейірбикенің қателік жібергенін растады.
“15 сәуір күні дәрігердің қабылдауынан, анасының қағаз жүзіндегі рұқсатынан кейін бала ем-шара бөлмесіне жіберілді. Ол жерде қызға Манту сынамасы салынды. бірақ білектің орнына, иығына салған", - деп хабарланды ведомстводан.
"16 сәуір күні қыздың үйіне бас дәрігердің орынбасары, фтизиатр, аға және учаскелік мейірбике барды.
Қызды тексеріп, жауап алынды. Тексеріс уақытында қыздың жағдайы қанағаттанарлық. Дене қызуы - 36.0.
Лимфа түйіндері ұлғаймаған, жұтқыншағы бірқалыпты. Жүрек соғысы анық және ритмикалық. Екпе салынған орында орташа қан кернеуі байқалады", - деп хабарланды басқармадан.
Қызды тексеріп, жауап алынды. Тексеріс уақытында қыздың жағдайы қанағаттанарлық. Дене қызуы - 36.0.
Лимфа түйіндері ұлғаймаған, жұтқыншағы бірқалыпты. Жүрек соғысы анық және ритмикалық. Екпе салынған орында орташа қан кернеуі байқалады", - деп хабарланды басқармадан.
Бала күнделікті дәрігерлердің бақылауында. Денсаулық сақтау басқармасы мейірбикенің жұмыстан қуылып, қатаң жазаланатынын айтты.