Медицина ұйымдарында 404 505 кемшілік анықталды

218
2022 жылы жүргізілген мониторинг аясында Астана медицина ұйымдарында 404 505 кемшілік анықталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.




Қор халыққа көрсетілген медициналық қызметтердің сапасы мен көлеміне мониторингті жалғастыруда.

 
"Астана қаласы бойынша 2022 жылы  көрсетілген медициналық қызмет сапасы мен көлеміне жүргізілген түрлі мониторингтер аясында 404 505 кемшілік (дефект) анықталып, 1 млрд 981 млн. 485 мың теңге алынды," - деп мәлімдеді брифингте «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Астана қаласы бойынша филиалының директоры Н.Қабдықапаров.

Оның ішінде, тегін медициналық кепілдендірілген көмек көлемі (ТМККК) аясында 681 млн 25 мың теңге сомасына 7 253  кемшілік анықталды, ал міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесінде 1 млрд 300 млн. 460 мың теңге сомасына 397 252 кемшілік анықталды.

Проактивті мониторинг аясында 41 медицина ұйымына тексеру жүргізілді. 2-кезеңде 118 млн. 816 мың теңге сомасына 2008 кемшілік (дефект) анықталды.

Мақсатты мониторинг аясында медициналық қызметтерді сатып алу шартын орындауда 12 бұрмалаушылық фактісі анықталып, айып төлеу есебінде 14 595 254 теңге алынды.

 "Сондай-ақ, Қордың Астана қаласы бойынша филиалының медициналық қызмет сапасы мен көлемін мониторингілеу бөлімі 2022 жылы жоспардан тыс мониторинг бойынша 275 қорытынды жасады, оның 76-сы негізді шағым екені дәлелденді. Жоспардан тыс тексеріс нәтижесінде алынған сома 527,8 млн теңгені құрады. 
Біздің сарапшылар медициналық қызметтің қолжетімді болуы және сапасының жақсаруы үшін, яғни пациент құқығы сақталуы үшін тұрақты жұмыс жүргізеді," - деп атап өтті Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры елорда филиалының директоры Н.Қабдықапаров.

МӘМС жүйесіндегі сақтандыру мәртебесі туралы, немесе медициналық көмек алу бойынша қандай да бір сұрақтар туындаған жағдайда Қордың елордалық филиалына 1406 байланыс орталығы немесе Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы,  Telegram-дағы SaqtandyryBot, Қордың fms.kz сайты арқылы хабарласуға болады.




"Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ 
Астана қаласы бойынша филиалының баспасөз қызметі