Қазақстанда жеті жастан бастап балаларға COVID-19-ға қарсы вакцина салу ұсынылды

238

Фото: pixabay.comҚР Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас балалар инфекционисті Динагүл Баешева коронавирусқа қарсы екпе алудың ең төменгі жасын қысқарту мәселесі талқыланып жатқанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Баешеваның айтуынша, министрлік әлемнің әртүрлі елдерінде қолданылатын тәжірибелерді жіті қадағалап, мұқият зерделеуде.


“Әрине, біздің консультативтік комитетіміз бұл мәселелерді қарастырып жатыр. Өздеріңіз білесіздер біздің клиникалық хаттамаларымызда барлық инновациялар әрқашан дәлелдемелік базаға, халықаралық ұсыныстарға негізделеді. Бүгін біз барлық құжаттарды зерттеп, бұл мәселені де қарастырып жатырмыз", - деді Данагүл Баешева Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында.


Бүгінде Қазақстанда 12 жастан бастап балаларға коронавирус инфекциясына қарсы екпе салу бар.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.