Жүкті әйелдер мен балаларға қандай тегін көмек түрі ұсынылмақ

779
Белгілі санаттағы адамдарға  биылдан бастап тегін стоматологиялық көмек көрсетіледі, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі, қаңтар айынан бастап  жүкті әйелдер мен балаларға  тегін қызмет түрін көрсетпек. Алматы қаласы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры филиалының директоры Тілеухан Әбілдаевтың айтуынша, “медициналық сақтандыру қорына түсетін қаражаттың басым бөлігі  Алматы қаласының есебінен”,- дейді. 

Осы орайда, «2021 жылы медициналық сақтандыру қорына Республика бойынша 4 млрд 400 млн теңге қаржы жиналды. Айту керек, бұл қорға түскен жарналардың ауқымды көлемі Алматы қаласы есебінен түседі. Былтырғы жылы Алматы қаласынан 70 млрд 3 млн теңге қаржы қорға түсті. Қорға түскен қаржының барлығы да халыққа көрсетілетін медициналық қызметтерге жұмсалады», - деді спикер.

Сондай-ақ, МӘМС есебінен көрсетілетін тегін  көмек жайлы толығырақ айтып берді.

«Стоматологиялық қызмет бойынша былтыр Алматыда 1,5 млрд теңгеге көмек көрсетілді. Жалпы стоматологиялық қызмет жоспарлы көмек болып табылады. Оған 18 жасқа дейінгі балалар мен жүкті аналарға көрсетіледі. Жоспарлы көмектің аясында тісті жансыздандыру, пломба салдыру, терапевттің қабылдауында болу, тіс жұлдыру, ерінге, тілге пластикалық операциялар жасау сияқты қызметтер кіреді. Осы жағдайда жүкті әйелдер мен балаларға медициналық көмек түрлері тегін жоспарлы түрде көрсетіледі», - деді Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры филиалының директоры Тілеухан Әбілдаев.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.