Ыстық ауа райында қатты терлемеу үшін не істеу керек: Дәрігер кеңесі

438
Маманның айтуынша, тершеңдік - бұл денемізді салқындатуға көмектесетін қорғаныс реакциясы. Осы орайда Юлия Нагайцева аптап ыстықта қатты терлемеудің жолдарын атады. "Гигиеналық шаралар қашан да бірінші орында: таңертеңгі душ, кешкі душ. Қолтық асты аймақтарды сабынмен, душқа арналған гельмен жуыңыз, бұл тердің бетінде тіршілік ететін бактерияларды кетіруге көмектеседі. Кешке душтан кейін антиперспирантты қолдануға болады. Ол тер бездерінің жұмысына кедергі келтіріп, құрамындағы алюминий хлоридінің арқасында терлеуді азайтады, ал жағымсыз иісті жою үшін таңертең дезодорант сепсе болады", - дейді Юлия Нагайцева. Ол сондай-ақ, аяқтың тершеңдігін азайтудың тәсілдері барын алға тартты. Дәрігердің сөзінше, мұндай мәселе әсіресе жазда жабық аяқ киім мен шұлық киетін ер адамдарда жиі кездесіп жатады.  "Мұнда да гигиеналық шаралар көмектеседі, сондай-ақ табиғи матадан жасалған шұлықтар мен табиғи былғарыдан тігілген аяқ киім киген абзал. Сонымен қатар, дәріханада құрамында алюминий хлориді бар арнайы препараттар сатылады. Оларды түнде аяққа және алақанға жағып, тер бездерінің белсенділігін төмендету арқылы тердің азырақ бөлінуіне қол жеткізуге болады", - деп кеңес берді Юлия Нагайцева. Маман терлеуді күшейтетін факторлардан мүмкіндігінше аулақ болу керектігін ескертті. "Тамақтануға назар аударыңыз. Мысалы, дәмдеуіштер немесе алкоголь тершеңдікті күшейтеді. Киімге назар аударыңыз: синтетикалық маталар тершеңдікті тудырады, табиғи маталарға артықшылық беруіңіз керек", - деді Юлия Нагайцева. Дәрігер кейде тершеңдік денсаулықтың қандай да бір проблемасының көрінісі болуы мүмкін екендігіне баса назар аударды. Сондықтан, егер қатты терлеу сізді ұзақ уақыт мазалайтын болса, дәрігерге қаралу қажет дейді ол.