Қазақстанда онкологияны емдеуге арналған тың әдіс пайда болды

2 672

Фото: pixabay.comҚазақстанда алғаш рет онкологияға шалдыққан науқастардың сүйегіндегі метастазды емдейтін терапия енгізіледі, - деп "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Инновациялық терапия науқастарға асқынып кеткен қатерлі ісікпен күресуге мүмкіндік береді.



Әдіс "Самарий, 153sm-Оксабифор" радиофармацевтикалық препаратын қолдана отырып жасалады. Бұл препарат метастаз немесе сынған жер секілді сүйектің зақымданған аймақтарына жиналады да сау тіндерге әсер етпестен оларды β-бөлшектермен сәулелендіреді. Әдіс белгілі бір бөлікке бағытталғандықтан ауырсынуды жеңілдетіп, дәрілерге деген қажеттілікті азайтады, сондай-ақ сүйек тініндегі сырқаттың асқынуын баяулатуға көмектеседі, - делінген ҚР Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы таратқан хабарламада.
"Әдістің ерекшелігі - дәстүрлі емдеу тәсілдерінде болатын жанама әсер мен қауіп азайып, пациенттердің өмір сүру сапасы айтарлықтай жақсарады. Бұл, әсіресе, созылмалы сырқат пен метастазы асқынғаннан зардап шегетін науқастар үшін өте маңызды", - дейді ҚР ПІБ МО ауруханасының Ядролық медицина орталығы басшысы Айгүл Сәдуақасова.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.