Алматыда омикрон штамы анықталды ма?
369
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет отырысында Алматыда омикрон штамының бар-жоғы туралы айтты, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Алексей Цой Денсаулық сақтау министрлігі коронавирустық инфекция штаммдарының айналымдағы нұсқаларына тұрақты негізде мониторинг жүргізіп отырғанын атап өтті.“Омикрон коронавирусы штамының жаңа нұсқасының пайда болуын ескере отырып, Алматы қаласында омикрон короновирусы штамдарының нұсқасына тән мутацияның болуына алдын ала ПТР-скрининг жүргізілді. Омикрон коронавирус штаммы нұсқасының айналымы анықталған жоқ. Қазақстанның барлық өңірлерінде іріктелген оң сынамалардың үлгілерін толық геномдық секвенирлеу жалғасуда”, – деді Денсаулық сақтау министрі.
Министр Қазақстанда соңғы екі аптада вирус жұқтыру 28%-ға төмендегенін айтты.
Нәтижесінде әлемдік рейтингте 1 млн тұрғынға шаққанда Қазақстан сырқаттанушылық бойынша 108-орында, өлім-жітім бойынша 222-дің 102-орынға жайғасқан.