Қызылордада бүйрек трансплантациясына байланысты күрделі ота жасалды
Қызылордада облыстық көпбейінді ауруханада бүйрек трансплантациясына байланысты күрделі ота жасалды. Ота барысында 24 жастағы азаматшаға 45 жастағы апасы донор болды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Науқасқа терминалды бүйрек жетіспеушілігі диагнозы қойылған. Ол ең алғаш 2018 жылы трансплантация жасатқан. Ол кезде ағасы донор болған. Алайда науқас пандемия кезінде COVID-19 дертіне шалдығып, бүйрек ауруын асқындырып алған. Сондықтан науқас екінші мәрте ота жасатуға мәжбүр болған.
Облыста білікті мамандар артып, күрделі оталар жасалып жатыр. Айта кету керек, бұл — аймақтағы бесінші бүйрек трансплатациясы.