Енді күйзеліс те ауру деп танылады

2 532

Фото: freepik.comҚазақстанда күйзеліс диагнозы бар науқастарға еңбекке жарамсыздық парағын ашуға болады,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

Министрліктің мәліметінше, күйзеліс диагнозын тек психиатр қоя алады. Ал алғашқы белгілерді жалпы тәжірибелік дәрігер немесе психолог анықтауы мүмкін. Жеңіл дәрежедегі күйзеліс кезінде дәрігер науқастың уақытша еңбекке жарамсыз екенін растаса, аурухана парағы беріледі. Ал орта және ауыр деңгейдегі депрессияда жүрген  науқастарға стационарда ем алу ұсынылады. Бұл Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігінің стандарттарына сәйкес жүзеге асырылады.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.