Алғаш рет екі адамға көздің қасаң қабығы трансплантацияланды

2 654

Фото: pixabay.comАлматыда алғаш рет екі науқасқа көздің қасаң қабығын сәтті трансплантациялау операциясы жасалды. Хирургиялық оталар Орталық қалалық клиникалық ауруханада жүргізілді,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Науқас ауруханаға геморрагиялық инсультпен түскен болды.

Екі күн бойы оған хаттамаларға сәйкес толық көлемде медициналық көмек беріліп, дәрігерлік консилиумдар өткізілді. Алайда мамандардың барлық күш-жігеріне қарамастан, науқасты құтқарып қалу мүмкін болмады, биологиялық өлім тіркелді.

Науқаста қайтыс болғаннан кейінгі ағза донорлығына ресми келісім болған, сондай-ақ оның жақын туыстары да жазбаша түрде рұқсат берген.

Көпмүшелік ағза алудан кейін донордың жүрегі Астанадағы Ұлттық ғылыми медициналық орталыққа жеткізіліп, науқасқа сәтті ауыстырылды. Қазір оның жағдайы қанағаттанарлық.

Бүйректері де Астанаға жеткізіліп, балаларға салынды. Екі трансплантация да сәтті өтті. 


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.