Аулада тоқ соққан 5 жасар бала жансақтау бөліміне түсті
Астанадағы А105 көшесіндегі 11-үйдің ауласындағы футбол алаңының маңында бес жасар баланы тоқ соққан. Қазір ол ауыр жағдайда жансақтау бөлімінде жатыр,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.
Астана қалалық Полиция департаменті хабарлағандай, қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызметтер көрсету фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
ПД өкілдері тергеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын, барлық мән-жайлар анықталуда екенін айтты.
Баланың жағдайы қалай?
Астана қалалық Денсаулық сақтау басқармасы BAQ.KZ тілшісіне баланың жансақтау бөлімінде жатқанын хабарлаған.
Қаз
Рус






