Аулада тоқ соққан 5 жасар бала жансақтау бөліміне түсті

2 505

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Видеодан скринАстанадағы А105 көшесіндегі 11-үйдің ауласындағы футбол алаңының маңында бес жасар баланы тоқ соққан. Қазір ол ауыр жағдайда жансақтау бөлімінде жатыр,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

Астана қалалық Полиция департаменті хабарлағандай, қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызметтер көрсету фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Тұрғын үйлердің бірінің ауласындағы футбол алаңының маңында құрылыс компаниясына тиесілі кабельдің жанып кеткені анықталды. Соның салдарынан 5 жасар баланы тоқ соғып, ауруханаға жатқызылды. Қазіргі уақытта оған қажетті медициналық көмек көрсетілуде», – деп хабарлады полициядан.

ПД өкілдері тергеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын, барлық мән-жайлар анықталуда екенін айтты.

Баланың жағдайы қалай?

Астана қалалық Денсаулық сақтау басқармасы BAQ.KZ тілшісіне баланың жансақтау бөлімінде жатқанын хабарлаған.

«Жағдайы ауыр, тұрақты деп бағалануда. Қазіргі уақытта қажетті қарқынды терапия жүргізіліп жатыр. Пациентке медициналық көмектің барлық қажетті көлемі көрсетілуде», – деді ведомство өкілдері.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.