Қазақстанда тері ауруларын емдеудің жаңартылған стандарты бекітілді

153

Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен дерматовенерологиялық көмек көрсетуді ұйымдастырудың жаңартылған стандарты бекітілді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Бұл стандарт Қазақстанда дерматовенерологиялық көмекті ұйымдастыруға қойылатын жалпы қағидаттар мен талаптарды белгілейді.


Дерматовенерологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру тәртібі Халық денсаулығы туралы кодекске сәйкес медициналық көмектің шарттарына, нысандарына сәйкес баяндалған.


Жаңалық ретінде үйде, шұғыл және жоспарлы түрде дерматовенерологиялық көмек көрсету бойынша бөлімдер енгізілген.


Жаңа стандартта штат саны, дерматовенерологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарын жарақтандыру көзделген.


Тері-венерология орталығының құрылымы енгізілді, сондай-ақ дерматовенерологиялық ауруларды анықтау, тіркеу және есепке алу тәртібі, әйелдер мен жаңа туған нәрестелердің ЖЖБИ профилактикасы, диагностикалау, тіркеу ерекшеліктері бойынша тараулар енгізілді.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.