Коронавирусқа шалдыққан 2 адамның халі өте нашар

387
Өткен тәулікте 148 адамнан коронавирус анықталды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

12 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 1 855 адам коронавирустан (–1 662+ және 193 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 263 пациент стационарда, 1 592 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 9 адамның жағдайы ауыр;
• 2 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 2 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.