Емханаларға енгізілген жаңа жоба дәрігерлердің жүктемесін 32%-ға төмендетті

421
Павлодар облысындағы емханаларда енгізілген жаңа жобалар дәрігерлердің жүктемесін азайтты, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.



«Үздік тәжірибелер орталығы» жобасы - алғашқы медициналық-санитарлық көмек жұмысын қайта форматтаудың жаңа құралы.

Оның мақсаты - емханаға жүгінетін халық ағынын реттеу арқылы дәрігерлерге, учаскелік қызметтерге және тіркеу кеңсесіне түсетін жүктемені азайту.

Бүгінгі таңда жоба Павлодар, Екібастұз және Ақсудағы 8 емханада іске асырылып, оң нәтижелерге қол жеткізілді.

Осылайша, медбике бекеті мен онлайн кеңестерді енгізу учаскелік қызметтің жұмысын қайта форматтауға мүмкіндік беріп, жүктемесін 32% азайтты.

Асайын Байханов емханаларға барғаннан кейін медициналық мекемелердің басшыларымен кеңес өткізіп, әрбір ем алушыға сапалы қызмет көрсетудің басымдығын белгіледі.

Денсаулық сақтау басқармасына емханаларды одан әрі материалдық-техникалық жарақтандыру, кадрлар тапшылығын шешу, оның ішінде «аса қажет» мамандарды жұмысқа алу бойынша жұмысты жалғастыруды тапсырды.

Сондай-ақ, бас дәрігерлерге шағын аудандардың тұрғындары үшін «қадамдық» қолжетімділікте орталықтар ашу мәселесін пысықтау тапсырылды.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.