Алғаш рет тірі донордан бауыр трансплантациясы сәтті жасалды

2 500

Фото: astanatv.kzТүркістанда алғаш рет тірі донордан бауыр трансплантациясы жергілікті дәрігерлердің күшімен жасалды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Бұл ауруханада жасалған алтыншы бауыр трансплантациясы. Бұған дейінгі бес операция академик, профессор Болатбек Баймахановтың жетекшілігімен орындалған. Ал бұл жолы күрделі операцияны жергілікті трансплантологиялық команда дербес жасады. 59 жастағы науқасқа оның 22 жастағы қызы донор болған. Қызы анасына ерікті түрде донор болуға келісіп, барлық қажетті медициналық тексеруден өткен. Анасы мен қызының қазіргі жағдайы дәрігерлердің бақылауында.

59 жастағы  анаға келетін болсақ, 2018 жылдан бері Гепатит B вирусымен шалдыққан, соның салдарынан цирроз бауырына алып келген F4 дейпіз, енді бөлініде мелт он үш күн деп дәрежесін қойғаннан кейін, осы шешім қабылданды, пересадка жасауды, бауыр алмастыруды. Ұзақтығы 8-10 сағатқа дейін болатын ота. Таңғы сағат 7-де бастап, кешкі 5-те бітірдік, деді  Нұрлан Мәуленов, ОКА басшысы.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.